Қоғам

Кандидат «YBYRAI MEKTEBI»-нің ұстаздарымен кездесті

«AMANAT» партиясының кандидаты және облыстық сайлауалды штабтың төрағасы Сайрангүл Жұмаділова Самар ауданының Құлынжон ауылында педагогтармен кездесті.
Кездесу «YBYRAI MEKTEBI»-нің жанындағы комьюнити-орталықта өтті.
«YBYRAI MEKTEBI» – Финляндия мен Сингапурдың озық тәжірибесі негізінде іркіліссіз білім беретін тұңғыш ауыл мектебі. Ал мектеп жанынан ашылған қосымша білім беретін комьюнити-орталықта робот техникасы және 3D-модельдеу, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, театр, вокал үйірмелерімен қатар кинотеатр жұмыс істейді.

– Комьюнити-орталықтың ерекше әрі тың бастама екенін көріп қуанып отырмыз. Осы орайда «AMANAT» партиясы сапалы білім беру мен озық ұрпақ тәрбиелеуге ерекше мән беретінін айтқым келеді. Сондықтан өңірлерде Сәтбаев атындағы инженерлік мектептер, Жәутіков атындағы IT мектептер, Абай атындағы гуманитарлық мектептер желісін құруға ниетті. Сондай-ақ оқушылар сарайын, жас техниктер стансаларын, балалар технопаркін, музыка және өнер мектептерін ашуды жоспарға енгізді. Отандық мектептер отбасылық құндылықтарды, еңбекқорлық, білім культі мен патриотизмді дәріптеп, дамытатын болады. Сондықтан ұстаздар қауымы сапалы білімді басты орынға қойған партияны қолдайды деп сенеміз. 19 наурызда «AMANAT»-қа дауыс беріңіздер! – деді Сайрангүл Жұмаділова.
Кездесу соңында ұстаздардың ұсыныс-пікірі тыңдалды.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Басқа жаңалықтар

Back to top button