Қоғам

Дамыған мәдениет ұлттың рухани бірлігінің негізі

«AMANAT» партиясының кандидаты Денис Рыпаков облыс орталығында мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде партиялық бағдарламаның ұлттық мәдениетті қолдауға қатысты басымдықтары туралы айтылды.

– Дамыған мәдениет ұлттың рухани бірлігінің негізі болуы керек, сондықтан ол біздің қолдауымызды үнемі қажет етеді. Біз жыл сайын театр, кітапхана, коммуникация, білім беру және демалыс орталықтарын қоса алғанда 300-ге жуық мәдениет нысанын саламыз және жаңғыртамыз. Мәдениет, мұрағат пен кітапхана қызметкерлерінің жалақысы екі есеге артатын болады, – деді кандидат.

Айта кетуіміз керек, «AMANAT» партиясы еліміздің бүкіл әдеби мұрасы бірыңғай кітапхана платформасы негізінде цифрлық форматқа көшіруге ниетті.

Кездесу соңында мәдениет өкілдері ұсыныс айтты.

– Партияның алға қойған маңызды мақсаттарының бірі – қазақ халқының материалдық және материалдық емес мұраларын насихаттау. Бұл жұмыс сіздер еңбек етіп жүрген саламен тікелей байланысты. Сондықтан 19 наурызда дұрыс таңдау жасап, «AMANAT» партиясына дауыс беріңіздер! – деді Денис Рыпаков.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»
партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Басқа жаңалықтар

Back to top button