Жаңалықтар

Қазақстанға келген шетелдік туристер тәртіп сақшыларына алғысын білдірді

Қазақстанның көрікті жерлерін тамашалауға келген Нидерланды азаматтары — ерлі-зайыпты Винсент пен Кристинге полицейлер көмек көрсетті.

 

Ұлытау облысында қызмет атқару барысында патрульдік полиция инспекторлары Жеңіс Аманбек пен Дәулет Кенжебай жол жиегінде тұрған автокөлікті байқап қалды. Белгілі болғандай, туристер нөсер жауын мен навигатордың істен шығуына байланысты тоқтауға мәжбүр болған. Полицейлер оларға жол жүру ережелері мен сақтық шаралары жайлы кеңес айтып, бағыт-бағдар берді. Сонымен қатар олар шетелдік азаматтарды қажетті мекенжайға дейін жол көрсетіп барды.

 

Көрсетілген жанашырлық пен қолдауға дән риза болған Винсент пен Кристин тәртіп сақшыларына шынайы алғыстарын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button