Экономика

Шағын және орта бизнесті қолдау үшін қандай шаралар қабылданып жатыр

Қазақстанда елдегі коронавирус инфекциясының таралуына айланысты шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында бірқатар шара қабылдануда. Бұл жөнінде үкімет отырысына қатысқан Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтып берді.

Министрдің сөзінше, кәсіпкерлікті дамыту мәселесі негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамыту, экономиканы әртараптандыру, жұмыспен қамту, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің, сондай-ақ халық үшін тауарлар мен қызметтер өндірісінің басты факторы.

“Ағымдағы жағдайда шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі өзекті. Сондықтан шағын және орта бизнесті қолдау үшін салықтық ынталандырулар берілді. Несиелендіру кеңеюде және бизнесті жүргізу шарттарын одан әрі жеңілдету бойынша шаралар қабылдануда. 2019 жылы экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 30,8 пайызды құрады. Өткен жылы шағын және орта бизнес 31,2 трлн теңгеге дейін өнімін өндірді. Республика бойынша 3,4 млн адам шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді”, – деді Руслан Дәленов.
Оның пайымынша, бизнес климатты жақсарту бойынша қабылданып жатқан реформалар Қазақстанның Doing Business рейтингінде 25-орынға көтерілуіне мүмкіндік берген.

“Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін бизнес климатты жақсарту бойынша бірқатар шара қабылданғанды. Бұның қатарына салықтық ынталандыру, тексерулерді қысқарту және несиелеуді кеңейту. Сонымен қатар экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі 2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар және бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылданды. Арнайы Мемлекеттік комиссия жұмыс істеуде. 2020 жылдың 18 маусымында парламент бизнес климатты жақсарту жөніндегі заңнамалық реформалардың 8-пакетін қабылдады. Орта мерзімді перспективада кәсіпкерлік қызметті дамытуда жаңа күн тәртібі әзірленетін болады. Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту бағыты Қазақстанның 2025 жылға дейінгі жаңа стратегиялық жоспарында көзделеді”, – деді министр.
Сонымен қатар министр салықтық ынталандыру бойынша қабылданған шараларға тоқталды.

“Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап арнайы салық режимін қолданатын шағын және микробизнес субъектілері үш жылға табыс салығынан босатылды. 1-қазанға дейін еңбекақы төлеу қорына салынатын салықтар, әлеуметтік төлемдер және мүлік салығы бойынша нөлдік мөлшерлеме белгіленді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жыл соңына дейін жер салығының өлшерлемесі нөлге дейін төмендетілді. Сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруышылығы саласында импорттау кезінде қосылған құн салығын есепке алу әдісімен төлеу мүмкіндігі берілді”, – деді министр.
Сонымен бірге Руслан Дәленов азық-түлік тауарларына да қсылатын құн салығының төмендетілгенін тілге тиек етті.

“2020 жылғы 1-қазанға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12 пайыздан 8 пайызға төмендетілді. Сонымен қатар 1-маусымға дейін салықтық активтендеру және бақылау шаралары тоқтатылды. Барлық шағын және орта бизнес субъектілері үшін барлық салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін ұзарту енгізілді”, – деді ол.
Бұдан бөлек министр баяндамасында тексерулерді қысқарту бойынша қабылданған шараларға тоқталып өтті.

“Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ағымдағы жылдың 1-қаңтарынан бастап үш жылға шағын және микрокәсіпкерлікке тексеру және профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий енгізілді. Сонымен қатар жылдың соңына дейін бизнестің барлық санаттағы субъектілері үшін жаңа жоспарлы салықтық тексерулер жүргізілмейді. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін кәсіпкерлердің “адалдық” презумпциясы қолданыста. Бұл заңнамадағы әртүрлі түсініктерді адал кәсіпкерлердің пайдасына қолдануға мүмкіндік береді”, – деді Руслан Дәленов.

Cонымен бірге министр жеңілдетілген кредит беруді кеңейту бойынша қабылданған шаралар туралы айтты. Оның сөзінше, “Бизнестің жол картасы-2025” және “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламалары бойынша кәсіпкерлер үшін қарыз қаражатының соңғы құны енді 6 пайызды құрайды.

“Бизнестің жол картасы-2025” бағдарламасы бойынша несие көлемі 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Субсидиялау мерзімі 5 жылды құрайды. “Қарапайым заттар экономикасы” бойынша несие сомасы шектелмейді. Ал субсидиялау мерзімі – 10 жыл. Кепілдік беру құралы жақсартылды. “Бизнестің жол картасы-2025” бағдарламасы бойынша кепілдік қарыз сомасының 85 пайызын құрауы мүмкін. “Қарапайым заттар экономикасы” бойынша кепілдік несие сомасының 50 пайызын құрайды. “Бизнестің жол картасы-2025″ бағдарламасы аясында салалық шектеулер алынып тасталды”, – деді Руслан Дәленов

Бұл, министрдің сөзінше, шағын және орта бизнеске қызмет түріне қарамастан,барлық бағдарламаға қатысушы болуға және жеңілдетілген қаржы алуға мүмкіндік бермек.

“Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы бойынша тауарлар мен қызметтер тізімі айтарлықтай кеңейтілді. Осы бағдарлама бойынша несиелеудің жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Сонымен қатар Ұлттық банк шағын және орта бизнеске, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге салалық шектеусіз жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосты. Кредиттер айналым қаражатты толықтыруға 1 жылға 8 пайызбен беріледі. Бұл бағдарламаға 600 млрд теңге бөлінеді. Жалпы несиелеуді ұлғайту үшін көптеген шектеулер алынды. Тетіктер жеңілдетілді және қаражат көлемі ұлғайтылды”, – деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button