Саясат

Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды janalyq.kz.

“Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады”, – деп жазды Тоқаев.

Ол Жаңа Қазақстанды құру ісінде мемқызметкерлерге ерекше міндет жүктелетінін айтты.

“Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін”, – деді Тоқаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button