Басты жаңалықСаясат

Беларусь ШЫҰ-ға мүше болуға өтінім дайындады

Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшелікке өтуге өтінім дайындады. Бұл туралы сейсенбі күні Ресей президентінің ШЫҰ жөніндегі арнайы өкілі Бахтиер Хакимов мәлім етті, деп хабарлайды janalyq.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

8-і күні Беларусь СІМ бас басқармасының бастығымен консультация өткіздім. Ол Беларусь тарапы оларды ШЫҰ-ға жедел қабылдауды сұрайтынын және ұйымға өтініш беру бойынша президентке ұсыныс дайындалғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл өтініш ведомствоаралық форматта әзірленіп, оны республиканың Министрлер кабинеті мақұлдаған, – деді Хакимов Ташкентте өтіп жатқан ШЫҰ Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button