Елбасы жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын талқылау жиыны өтті
«Nur Otan» партиясының Елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәдуақасов Сақтаған Кәкімбекұлының төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын талқылау жиыны өтті.
Аталмыш шараға Саяси кеңес мүшелері, партия мүшелері, депутаттар, қоғамдық кеңес төрағалары, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты. Кездесуге келгендер Елбасы ұсынған қағидаттар жиынтығының маңыздылығын талқылап, әр бағытына жеке-жеке тоқталды.
Жиынды алғысөзбен Сақтаған Кәкімбекұлы ашты және әр тұғырды таныстыра келе, өз сөзің «Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» атты отырыс барысында айтқан қағидаттары жаңа дәуірдегі қазақстандықтар үшін негізгі бағдар болуы тиіс»- деп қорытындылады.
Сондай-ақ, жиында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры – Сыдықов Ерлан Бәтташұлы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Технологиялық колледжінің директоры – Ләззат Мұратқызы Разбекова-Төлеуханова, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты филиалының төрағасы – Жанділдаев Бақдәулет Болатұлы сөз алып, «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығына қатысты өз ойларын ортаға салды.