«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында елорда аудандандарын орталықтандыру жұмыстары жүргізілуде
«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары әртүрлі әлеуметтік топтарды ескере отырып жасалған елорданы дамытудың әлеуметтік-экономикалық стратегиясы. Бұл жоспар 3 негізгі бағыт бойынша іске асады. Олар: 1. Адамдар үшін жайлы қала; 2. Қоршаған ортасы тұрақты қала; 3. Белсенді өмір салты бар салауатты қала.
Осы жоспарға сәйкес қала ең алдымен адам үшін ыңғайлы болуы керек. Халықтың қажеттілігі, оның ішінде – қоғамдық кеңістіктерге, веложолдарға, жаяу жүргіншілер аймақтарына, қарапайым ғана саябақтарға, скверлерге, əлеуметтік және басқа да тіршілік ету нысандарына қажеттілік өсуіне байланыста олардың да санын көбейту жұмыстары жүргізілуде. Қала тұрақты, сау және экологиялық таза болуы керек.
Сонымен қатар, «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында елорда аудандандарын орталықтандыру жұмыстары да жүргізілуде. Бұл білім беру, медицина объектілері, әлеуметтік тұрғын үй, белсенді демалыс орындарының тұрғындар үшін жақын жерде орналасуы және қолжетімді болуы.
2021 жылы “Өндіріс”, “Көктал”, “Үркер” (Ильинка), Железнодорожный шағын аудандарында төрт ірі спорттық-сауықтыру кешені салынады деп жоспарланған. Көктал және Өндіріс шағын аудандарындағы спорт-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталды.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде тұрғындар тек тек спортпен ғана шұғылданып қоймай, халыққа қызмет көрсету орталығының да қызметін ала алады. Және полиция пункті орналасқан. Спорт кешенінде баскетбол, волейбол, үстел теннисі, жаттығу залы, күрес, бокс залдарымен қатар, егде жастағы адамдарға арналған клубтар бар. Ұлттық ойындарды оқыту залдары да қамтылған.
Дене шынықтыру – сауықтыру кешендеріне тұрғындар тегін бара алады.