01

«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» және Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақалаларындағы міндеттерді және «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының «Парасатты және зияткер қоғам» бағытын іске асыру мақсатында «Nur Otan» партиясы «Qazaq Epos» қоғамдық қорымен бірлесе отырып «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың қалалық кезеңі 16 қараша күні сағат 15:00-де Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өтті.
Байқау 6-10 сынып оқушылары арасында «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан өтті. Сонымен қатар, жыр ішіндегі жекелеген оқиғалар мен жер-су атауларына қатысты сұрақтарға жауап берді.
Байқауға «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сақтаған Кәкімбекұлы Сәдуақасов, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жанындағы «Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі» кеңесінің төрағасы Ерлан Ерғазыұлы Дәкенов, “Астана дарыны” дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының бөлім басшысы Дария Жаділбекқызы Қозыбаева, «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы жазушы, қоғам қайраткері Үзбен Құрманбайұлы қазылық етті.
Қалалық кезеңде оқушылар алдын ала өткізілген жеребе бойынша 6 жұпқа жұптасып, өнер көрсетті.
Байқаудың қорытындысы бойынша, әділ қазылар шешімімен, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша келесі оқушылар жеңімпаз атанды:
1 – орын Марат Гүлназым, №54 мектеп – лицейі, «7 М» сыныбы
Жетекшісі: Жакаева Фатима Темирболатовна
2-орын Шырынбай Кәусар, №86 мектеп – гимназиясы, 7-сынып
Жетекшісі: Байтугулова Кульбаршин Калидуллаевна
2-орын Әбдірашева Ақгүл, №81«Astana English School» мамандандырылған гимназиясы, 7-сынып
Жетекшісі: Касымханова Нургул
3 – орын Төлеубаева Айым, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп- лицей, 8 – сынып
Жетекшісі: Серикмуратова Куанышкул Ерназаровна
3 – орын Серикбаева Майра, №55 орта мектеп, 7 «Б» сыныбы
Жетекшсі: Демеуова Лаура Жумабековна.

Басқа жаңалықтар

Back to top button