Бұл туралы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында мәлімдеді. 2021 жылы ауданда 3 мектеп күрделі жөндеуден өтеді, төрт мектепке қосымша құрылыстар, сондай-ақ жаңа балабақша салынады.
«Орта білім беру инфрақұрылымы туралы айтар болсақ, ауданда 34 мемлекеттік, 21 жекеменшік мектеп бар. 2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында 44747 оқушы болды, оның ішіндегі мемлекеттік мектептерде жалпы 36370 оқушы білім алуда, жекеменшік мектептердегі оқушы саны – 8416». Аудандағы оқушы орындарының тапшылығы қолданыстағы білім нысандарын кеңейту арқылы шешілуде.
Сонымен, мектептер жанына қосалқы нысандар салынуда, олар: № 38 Қазақстан-Ресей гимназиясының ғимараты жанындағы 600 орынды қосалқы нысан, № 60 гимназия 600 орынға кеңейтіледі, № 191 мектепте 300 орын пайда болады, № 199 мамандандырылған гимназияны кеңейту барысында 900 оқушы орны пайда болды. № 40, 45, 81 мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, № 21 гимназия аумағында 120 орындық жаңа балабақша құрылысы жүргізілуде.
Аудан әкімі Алтай Рахымбетов Бостандық ауданында мектепке дейінгі балалардың жалпы саны 9484 екенін айтты. 30 мемлекеттік және 69 жекеменшік балабақша жұмыс істейді.
Аудан әкімі әлеуметтік маңызы бар нысандар туралы айтып, биыл жылдың соңына дейін екі амбулатория ашу жоспарлануда. Розыбакиев көшесі, 181а мекенжайда орналасқан «Атамекен» ТК-де №17 емханадан және Ремизовкадағы 6 тұйық көше мекен-жайы бойынша «Сакура» ТК-де № 12 емханасы жанынан.