Бұл туралы Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Ержан Сейтенов мәлімдеді. Онлайн-брифинг барысында Ержан Сейтенов МИБ-нің ПИК-нен басты ерекшелігін атап өтті. Оның айтуынша, тұрғындар өз үйлерін дербес басқаруға, сондай-ақ оларды күрделі жөндеуге ақша жинауға мүмкіндік алады.
Ержан Сейтенов егер қазір ПИК барлық үйлерден ортақ шотқа ақша жинаса, оның қалай жұмсалатынын бақылау қиын, ал енді бұдан былай тұрғындар қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалай алады деген мысал келтірді.
Сонымен қатар, ПИК бір уақытта көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін күтіп ұстау бойынша қызметтердің тапсырыс берушісі, әрі орындаушысы болып келді.
«Енді МИБ тапсырыс беруші болады. Бұл тұрғындардың өздері басқарушылармен және сервистік ұйымдармен, коммуналдық қызметтермен шарттарды таңдап, жасасатынын, олардың жұмысын тексеріп, орындалған жұмыстарға өз нысаны бойынша ақы төлейтінін білдіреді», – деді Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы.
Ержан Сейтенов бүгінгі таңда Алматыда 359 МИБ (меншік иелерінің бірлестіктері) тіркелгенін және басқарудың жаңа нысаны ретінде 367 ҚС (қарапайым серіктестіктер) таңдалғанын, қала бойынша барлығы басқарудың 726 жаңа формасы бар екенін айтты.
Спикер мегаполис тұрғындарын бұл мәселеге бастамашылық танытуға шақырды, себебі басқарудың жаңа жүйесінде артықшылықтар жетерлік. Онлайн-брифинг барысында ол оларды атап өтті.
«Басқарудың жаңа нысандары «бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидаты бойынша жұмыс істейді және әрбір үйді басқару бойынша жеке тәсілді қарастырады, үйді күтіп ұстауды қаржыландырады, ортақ мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ тұрғындарға ақшаның түсуі мен оның жұмсалуын бақылау мүмкіндігімен өз үйін ғана күтіп-ұстауға қаражат жинақтауға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Ержан Сейтенов.
Егер ПИК бір мезгілде тапсырыс беруші және қызметтерді орындаушы ретінде болса, енді тұрғындардың өздері өздерінің МИБ/ҚС өкілі арқылы: басқарушылармен және сервистік ұйымдармен, коммуналдық қызметтермен шарттарды таңдап, жасасатын болады; олардың үйінде орындалған жұмыс үшін төлейтін болады
«ПИК алдында МИБ және ҚС-тің басты артықшылығы тұрғындар жиналған ақшаны мақсатты пайдалану бойынша үй Кеңесінен ай сайынғы есеп алу арқылы қаржы-шаруашылық қызметін бақылай алады», – деп толықтырды спикер.
Сонымен қатар, басқарудың жаңа формаларын (МИБ/ҚС) бастамашыл топ шақырған жиналыс кезінде таңдайды, оған пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің кемінде 10% – ы кіреді. Оның өткізілуі туралы 10 күн бұрын хабарланып, шешілуі тиіс мәселелер көрсетілуі керек. Егер қандай да бір себептермен жиналыс өткізу мүмкін болмаса, жазбаша сауалнама ұйымдастырылады.
Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Ержан Сейтенов МИБ немесе ҚС-ке көшу алгоритмін егжей – тегжейлі сипаттап, оларға кім кіретінін сипаттады:
«МИБ құру үшін жалпы жиналысқа немесе сауалнамаға қатысушылардың жартысынан көбінің келісімі қажет екенін есте ұстаған жөн. Ал қарапайым серіктестік құру үшін үй тұрғындарының 100% келісімі қажет. Олардың әрқайсысы сенімхат беріп, бірлескен қызмет туралы шартқа қол қоюы тиіс», – деді спикер.
Ержан Сейтенов МИБ төрағасы немесе ҚС-тің сенімді өкілі бір жылға сайланатынын хабарлады. Сонымен қатар, Үй кеңесі сайланады. Жиналыста кемінде 51% болуы керек тұрғындар кем дегенде үш пәтер иесі кіретін үй кеңесінің мүшелерін сайлауы керек. Олар үш жылға сайланады. Әрі қарай, басқарудың екі формасының бірін таңдайды: МИБ немесе ҚС. Немесе үй Кеңесіне басқару формасын таңдауға өкілеттік береді.
Тіркеу нәтижелері бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі. МИБ мен ҚС екінші деңгейдегі банкте ағымдағы және жинақ шоттарын ашуы тиіс.
«Жалпы алғанда, МИБ, ҚС, басқарушы немесе басқарушы компанияның қызметін үйлестіруді және үйді басқару және ортақ мүлікті ұстау бойынша ай сайынғы, жылдық есептерді қарауды Үй кеңесі жүзеге асырады. МИБ/ҚС қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды тексеру комиссиясы немесе тексеруші жүзеге асырады», – дейді Сейтенов.
Тұрғындарға жаңа жүйені түсіну қиынға соғатын сияқты. Ал бірақ, іс жүзінде олай емес, деп сендірді Ержан Сейтенов.
Оның айтуынша, егер тұрғындар МИБ төрағасын сайласа, онда ол сервистік ұйымдармен тікелей жұмыс істеуге, меншік иелері бірлестігінің атынан шарттар жасасуға, қызметтерге ақы төлеуге құқылы. Жиналған қаражатты үйдің кеңесі бақылайды, ал барлық бақылау мен мониторинг тұрғындарға қалады.
Сейтеновтың айтуынша, бүгінде тұрғын үй саясаты басқармасының қызметкерлері халықпен кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Өткен жылдың өзінде 6 700 көппәтерлі тұрғын үйді қамтумен 2 400-ге жуық жиналыс өткізілді. Алайда, әзірге көп пәтерлі тұрғын үйлердің тек 8% – ы басқарудың жаңа нысанына көшті.
МИБ-ін тіркеудің төмен қарқынмен жүруінің себептерінің бірі коронавирусұа байланысты шектеулердің әсері болуы мүмкін. Жаппай жиналыстарға тыйым салынды, бұл жағдайда ондай кеңестер тұрғындар өздерінің ортақ үйін басқару формасын таңдау туралы бірыңғай шешім қабылдауы үшін керек.
Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаннан кейін басқарудың жаңа формаларына көшу әкімдік әзірлеген кесте бойынша жалғасады.
Ержан Сейтенов Алматыда 870 ПИК жұмыс істейтінін, олардың көбі бірден бірнеше жүздеген үйді басқаратынын хабарлады. Сондықтан ақша барлығына бөлінеді, ал МИБ-тің артықшылығы бір үйге тиесілі бір шот болады.
Айта кетейік, Қазақстанда барлық ПИК 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қайта ұйымдастырылады. Осы уақыттан кейін барлық ПИК-тер басқарушылар мен сервистік компаниялар қатарына кетуі тиіс