09Денсаулық

Дәрігерлер КВИ алғашқы белгілері кезінде медициналық мекемелерге жүгінуге шақырады

Дәрігерлердің айтуынша, COVID-19 дертінің қауіптілігі оның тез тарауында және дамуында. Бірнеше күннің ішінде өкпенің зақымдануы 5-тен 50%-ға дейін артуы мүмкін. Х. Ж. Мақажанов атындағы клиниканың жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі Видади Жамаледдинов өзін-өзі емдеу және дәрігерлерге уақытылы жүгінбеудің соңы қандай қауіпті жағдайға әкеп соғатынын түсіндірді.

Коронавирустық инфекция – бұл өте алдамшы ауру. Көбінесе ол асимптоматикалық түрде дамиды. Науқас өзін қалыпты сезінуі мүмкін және тыныс алу кезінде ерекше қиындықтарға тап болмауы мүмкін. Дегенмен, КТ өкпенің зақымдануын көрсетеді.

– Ауру тез дамиды. Көптеген адамдар бізге ауыр асқынулармен, асқынған күйде келеді. Мұндай жағдайларда біз әрдайым көмектесе алмаймыз. Сондықтан, алғашқы белгілер пайда болған бетте дәрігерлерге хабарласыңыздар, – деп кеңес береді Видади Джамаледдинов.

Х. Ж. Мақажанов атындағы клиника дәрі-дәрмектермен және қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда 104 төсек бар, оның 23-і реанимациялық.
Видади Жамаледдинов тәулік сайын оларға 113–115 адам хабарласатынын айтады.

– Бізде КТ-дан кейін науқастарды сұрыптау жүргізіледі. Өкпесінің зақымдануы 20%-дан аз адамдар басқа клиникаларға барады. Біз ең ауыр жағдайлармен жұмыс істейміз. Қазір біздің стационарда 90 науқас бар. Оның ішінде тоғыз адам жан сақтау бөлімінде жатыр. ӨЖЖ-де емделушілер жоқ. Клиникамызда барлығы 23 өкпені жасанды желдету аппараты, 135 концентратор бар, – дейді инфекционист.

Реанимациялық блок орталықтандырылған оттегі жеткізумен жабдықталған. КТ аппараты бар. Емдеу үшін медициналық мекемеде вирусқа қарсы терапия, плазмотерапия, антикоагулянттар және т. б. қолданылады.

– Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары, сіздерді өзін-өзі емдеумен айналыспауға және медицина қызметкерлеріне уақытында жүгінуге шақырамын. Біз сіздердің аман-есен және дені сау болып кеткеніңізді қалаймыз. Сақ болыңыздар, өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар, барлық сақтық шараларын сақтаңыздар! – деп Видади Жамаледдинов облыс тұрғындарына жүгінді

Басқа жаңалықтар

Back to top button