10Қоғам

Арқалық құс фабрикасының қызметі қайта жанданды

2020 жылдың күзінде аймақтың бірнеше нүктесінде құс тұмауы пайда болды. Арқалық құс фабрикасы да зардап шегіп, өндіріс тоқтатылды.

– Құс тұмауына қарсы ветеринариялық жою іс-шаралары уақтылы жүргізілді, жұмыртқа бағытындағы тәуліктік балапандар әкелінді және жақын арада дүкендерде Арқалықтан сапалы әрі қолжетімді жұмыртқа пайда болады, – дейді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

Бұған дейін хабарланғандай, алғашқы партия фабрикаға қаңтар айының басында 41 мың бас көлемінде түскен. Жыл соңына дейін кәсіпорын бұрынғы өндіріс қарқынын қайтаруды жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button