11Қоғам

Облыс әкімі Бас муфтимен кездесті

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті. Аймақ басшысы алдымен мейманды Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, басқарма жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ Сыр өңіріндегі діни ахуал жайлы сөз қозғады.
Өз кезегінде діни басқарманың төрағасы, бас мүфти Наурызбай Тағанұлы аймақта діни тұрақтылықтың сақталуына қолдау көрсетіп жатқан өңір басшысына алғысын білдіріп, басқарманың алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

– Сыр өңірі – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өлке. Бұл өңірден көптеген жыршы-термешілер, ишандар, ахундар шыққаны белгілі. Сондықтан да бұл жерде ұлттық салт-дәстүр берік сақталған. Осының арқасында облыста діни ахуал тұрақты. Біздің басқарманың міндеті – ел арасындағы бірлікті, ынтымақтасты берік сақтау.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілдігіне сіздер тарапынан жасалып жатқан қолдаулардан хабардармыз. Осы сапарымызда да біз Сыр жұртшылығына дәстүрлі дінімізді, ата-баба мұрасын түсіндіру мақсатында келіп отырмыз. Алдағы уақытта да сіздермен бірлесе отырып, біраз жұмыстарды атқарамыз деп сенеміз – деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,бас мүфти Наурызбай қажы Өтпенов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button