Қарағандыда он үшінші рет «Замандас-2020» замандастар байқауы өтті. Биыл байқай еріктілерге арналып, олар төрт аталым бойынша ұсынылды.
Конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Nur Otan партиясының ғимаратында өтті. Әлеуметтік маңызы бар жоба қалалық ішкі саясат бөлімі «Біз қарағандылықтармыз» фестивалі аясында жүзеге асырылуда.
Іс-шараны Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары қолдады.
Кәсіби қазылар алқасы қатысуға өтініш білдірген 25 өтінімнің 15-ін таңдап алды. Бұл қоғамдық ұйымдардың, бастамашыл топтардың өкілдері және жай ғана қамқор қарағандылықтар. Ұйымдастырушылар еріктілердің атқарған жұмыстарын көрсететін бейнероликтер дайындады. Байқау жеңімпаздарын дәстүрлі түрде «Біз қарағандылықтармыз» веб-сайтында дауыс беру арқылы Қарағанды тұрғындарының өздері таңдап алды.Барлығы 17 мың адам дауыс берді.Байқаудың қорытындысы бойынша Арафат Мәжитов «Мен – саламатты Қазақстан үшін» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. «Жүрегінің жылуын бер» номинациясы Аян Борамбаевқа берілді. Рамазан Абылаев «Болашақты бірге құрамыз» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Мүмкіндігі шектеулі жандармен белсенді жұмыс жасағаны үшін «Тең теңімен» номинациясы бойынша «Кредо» қоғамдық бірлестігі жеңіске жетті.
Марапаттау рәсіміне Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысты. Қала басшысы кубоктар мен дипломдар табыстады.
– Еріктілер өз қызметімен біздің еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосуда. Жеке өзім жай ғана көмектесетін, бірақ бұл туралы айтпайтын көптеген адамдарды білемін. Елге шынымен көмек керек болған кезде бар көмектерін аямаған барлық қамқор адамдарға рахмет! – деді Ермағанбет Бөлекпаев.