Робототехниканың тегін курстары ашылды
Миллион теңге грантының арқасында Жезқазған тұрғыны Әлішер Садыров Transformers Робототехника курсын ашты. Zhas Project жастар корпусын дамыту жобасы жастарға әлеуметтік кәсіпкерлік элементтерін игеруге және оны одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияларға деген қызығушылық Әлішер Садыровта бала кезінен пайда болған. Мектепте ол компьютерлермен байланысты барлық нәрселерге қызығушылық танытты. Сондықтан ол жаңа кәсіп маманы боламын деп шешім қабылдаған. Жігіт Жезқазған политехникалық колледжін бітіріп, Қазақ қатынас жолдары университетінде жоғары білім алды. Балабақшалар мен мектептерде робототехниканы оқытумен айналысқан.
Әлішер әлеуметтік желілерде Zhas Project туралы ақпаратты көргенде, бірден туған қаласында курстар ашу идеясы пайда болғанын айтады.
– Мен алғаш рет Жезқазған қаласының “Сатурн” оқу орталығында Робототехника курстарын көрдім. Өте таңдандырды. Содан кейін менде “Неге мұндай курстарды өзім ашпаймын?” деген ой пайда болды. Қалауыңыз болса болғаны, барлығы қолдан келеді. Адамдар оған қандай мүмкіндіктер ашылатынына сенбейді! – дейді Әлішер Садыров.
Zhas Project шарттарына сәйкес, грант есептелген 6 ай ішінде өз қызметтері үшін ақы алмауды қарастырады. Қазір Әлішердің тегін курстарына аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары қатысады.
Жас жігіт LEGO Education (LEGO WeDo, LEGO Mindstorm) төрт конструкторын, қажетті жиһазды, екі планшет пен ноутбукты миллион теңгеге сатып ала алды.
Бұл толыққанды сабақтар үшін жеткілікті болды. Transformers курстарына 7 жастан 12 жасқа дейінгі балалар қатысады. Әлішер айтқандай, ұлдар да, қыздар да робототехникаға қызығушылық танытады.
– Мен көмекшілеріммен бірге балаларды логикалық ойлауға, қойылған міндеттерді шешуге, сондай-ақ ұжымда қарым-қатынас құрып, жұмыс істеуге үйретемін. Соның ішінде біз балалардың мектепке сәтті бейімделуі үшін жағдай жасаймыз, – деп атап өтті Transformers курсының жетекшісі.
Болашақта Әлішер Садыров осы бағытта дамуды жоспарлап отыр.
– Бізде идеялар көп. Біздің курстар оқу жоспарымен ерекшеленуі керек екенін білеміз. Бүгін алғашқы қадамдар жасалды. Біз оқу процесіне арнайы қосымшалар арқылы логикалық тапсырмаларды аяқтауды енгіздік. Робототехника мен бағдарламалау негіздерінің осындай қоспасын жасағымыз келеді, – деп бөлісті Әлішер.