14Спорт

Павлодарлық тоғызқұмалақшы жеңімпаз атанды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған тоғызқұмалақтан онлайн турнир аяқталды.
Бұл туралы облыстық туризмді және спортты дамыту басқармасы мәлім етті.

– Тұңғыш Президент күніне арналған ашық турнир www.playok.com. алаңында өтті. Бұл жарысқа тоғызқұмалақшылар жаппай қатысып, ешқандай топтарға бөлінген жоқ. Ойын 7 минуттық швейцариялық жүйе бойынша өрбіді. 11 турдың қорытындысы бойынша павлодарлық Ринат Керейбаев алтын медаль иегері атанды, – деді басқармада.

Айта кетейік, республикалық онлайн турнирде Қазақстанның 17 өңірінен 375 спортшы сынға түсті

Басқа жаңалықтар

Back to top button