Павлодар қаласында құбырдың жарылу себебінен 440 тұрғын үй және 306 әлеуметтік нысан екі күн жылусыз болды.
Алдын ала диаметрі 800 мм құбыр желісінің тозуынан «Қазақстан алюминийі» АҚ 1-жылу электр орталықтың аумағындағы құбыр жарылды. Соның салдарынан қаланың оңтүстік және шығыс бөлігінде жылу беру азайтылды.
Онлайн режимінде жылыту маусымын өткізу мәселесі бойынша кеңесте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодарда жылусыз болған күндер үшін тұтынушыларға қайта есептеу жүргізуді тапсырды.
– Белгілі ережеге сәйкес, жылу болмаған екі күнге біз төлемді талап етпейміз. Яғни тұрғындар қараша айында 28 күнге жылу үшін төлейтін болады. Атап себебіне келетін болсақ, ол туралы айтуға ерте. Мен құзыретті ұйымдардың тергеуін күтуді ұсынамын. Сондықтан мұндай зақымданудың тағы қайталануына қатысты осы жылу желілерінің учаскесі биыл екі рет көктем мен күзде гидрадалғанын айтқым келеді. Бір рет температура сынақтары 130 градусқа жүргізілді. Сондықтан біз бұл желілерге өте сенімді болдық. Менің ойымша, тергеу нәтижелері негізгі себебін көрсетеді және олардың негізінде келесі жағдайлардың қайталануын болдырмайтын шаралар қабылданады, – деді «ПавлодарЭнерго» АҚ бас директоры Олег Перфилов.
Әбілқайыр Сқақов «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО-сы температуралық кестенің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
– Жылыту маусымы аяқталғанға дейін осы режимде жұмысты жалғастыру қажет. Кез келген техникалық ықтимал қауіптер туралы уақтылы хабарлау үшін барлық уәкілетті, құзыретті органдармен ашық жұмыс істеуді тапсырамын, – деді өңір басшысы.
Сондай-ақ облыс әкімі «Жылу желілері» ЖШС-на қала тұрғындарынан келіп түскен шағымдарға жедел әрекет етуді тапсырды. Жылумен жабдықтау параметрлерін жақсарту бойынша реттеу іс-шараларын уақтылы жүргізу керек екенін атап өтті.
– Павлодар облысы бойынша энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменті «Қазақстан Алюминийі» ЖЭО-да болған технологиялық заңбұзушылықтарды қысқа мерзімде зерделеуі қажет. Оны әділ анықтап, себебін жұртшылыққа жеткізуді тапсырамын. Сонымен қатар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына жалпы жылыту маусымының барысын қадағалауды талап етемін, – деді Әбілқайыр Сқақов.