01Мәдениет

Игі бастама жалғасып жатыр

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық шаралары өтуде.
Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін жақсылық жасау. Іс-шараға еріктілер, ұйымдар және әлемді сәл де болса жарқын етуге ниетті жандардың барлығы қатысуда.

«Қараша айынан бастап «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы еріктілері мұқтаж отбасыларға көмір тасымалдауға көмек, пандемияның алдын алу үшін маска тарату, отбасы үшін үйді жөндеуге көмектесу, зейнет жасындағы адамдарға қыста отын кесуге көмектесу сияқты бірнеше іс-шараларды жүзеге асырды», – дейді Нұр-Сұлтан әкімдігінің «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев.

Еріктілердің жоспарына макулатура жинау, плоггинг, балаларға ағылшын тілін үйрету, жануарларға арналған орынға азық-түлік сатып алу, үйсіздерге тамақ үлестіру, мүмкіндігі шектеулі жандармен серуендеу, қайырымдылық жасау, донорлық және басқа да көптеген игі істер кіреді. Барлық іс-шаралар барысында еріктілер санитарлық нормаларды сақтайды және оларға маскалар мен қолғаптар беріледі.

«Қар шығару, ағаш кесу бойынша көмекке арналған мекен-жайлар тізімі қаланың төрт ауданының ардагерлер кеңесінің өтініштері мен ұсыныстары негізінде жасалады. Бүгінгі таңда еріктілер он бес үйді аралап үлгерді. Бір үйді шамамен 3-5 адам бақылайды. Өтініштерді алғаннан кейін біздің еріктілер жедел көмек көрсетуге дайын», – дейді ерікті Ақұлан Тастемір.

Азаматтар эстафетаға қосылып, өз аккаунттарына #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегтерімен ақпарат немесе видео орналастыра алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button