Биыл 63 балқаштық мемлекеттен грант ұтып алып, “Еңбек” бағдарламасы бойынша өз жобаларын жүзеге асырды. Бизнестің түрлі салаларындағы кәсіпкерлер өз ісін ашуға және дамытуға 520 мың теңгеден қаржы алды.
Жансая Айнабекова – солардың бірі. Балқаштың 26 жастағы тұрғыны ағаштан жасалған бұйымдарды өндіру бойынша бизнес-жобаны қорғап, 520 мың теңгеге грант ұтып алды. Кәсіпкер фанераны лазермен кесуге арналған станок сатып алды, оның құны 800 мың теңге.
– Бұл ақшаға қосымша қаражат тартылды, мен машина мен оның компоненттерін сатып алдым. Грантты маусым айында алдық. Бірақ біз шамамен бір ай жұмыс істейміз. Карантинге байланысты Қытайдан жабдық ұзақ күттік, – дейді Жансая.
Бүгінгі таңда бойжеткен өзінің еco.zattar брендін жылжытумен айналысады. Ойыншықтар, атаулы сыйлықтар, кілт ұстағыштар, майлықтар және басқаларын шығарады. Бір өнімді жасау үшін 15 минуттан 3 сағатқа дейін уақыт кетеді. Болашақта Жансая шеберхананы кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр. Қала және облыс әкімінің гранттарына арналған конкурстарға қатысу жоспарда бар.
– “Еңбек” бағдарламасы бойынша қаражат негізінен мал сатып алуға, табиғи өнімдер, қымыз және ет өндіруге берілді. “Бастау бизнес” бағдарламасы бойынша 80 адам оқудан өтті, оның ішінде 63 адам грант алды, – дейді Балқаш қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Гүлсім Қалпебаева.