16Денсаулық

Індеттің алдын алу шаралары туралы айтылды

Балалар ересектерге қарағанда коронавирустың ауыр түрімен сирек ауырады. Балалардағы ковид жағдайларының басым көпшілігі асимптоматикалық немесе жеңіл болып келеді. Алайда, пандемия кезеңінде ЖРВИ немесе суық тию белгілері де отбасы үшін қиындық тудыруы мүмкін.
Осы ретте, инфекционист-педиатр баланы инфекциядан қалай қорғауға болатындығын айтты.
Семей қаласының жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Анастасия Будко атап өткендей, КВИ-мен балалардың ауру пайызы аға буынға қарағанда әлдеқайда төмен. Негізінен, қауіпті вирусті балалар қарапайым ЖРВИ сияқты жеңіл түрде немесе мүлде симптомсыз өткереді. Сондықтан кейде баланың коронавирус жұқтырғанын бірден анықтау мүмкін емес.

– Балалар әлі кішкентай болғандықтан оларға аурудың белгілерін сипаттау қиын, сондықтан олар көптеген белгілерін айтпайды. Біз талдаулардың толық кешенін жасаған кезде ғана бәрі түсінікті болады. Негізгі симптомдар – температура, құрғақ жөтел, мұрын бітелу, сирек жағдайларда ентікпе немесе жайсыздық, тамақтың ауруы, – дейді дәрігер.

Балалар инфекционисінің айтуынша, мұндай белгілері бар балалар одан әрі ауруханаға жатқызылады және нақты диагнозын анықтау үшін дәрігерлердің бақылауында болады.

– Бізде екі бөлек орналасқан бөлімше бар. Алдымен біз ПТР-тестілеу нәтижелерін алғанға дейін әрбір науқас баланы арнайы дайындалған стационарға орналастырамыз. Егер тест оң нәтиже берсе, біз осы ауруханада одан әрі емдеуді тағайындаймыз. Егер теріс болса, біз ЖРВИ – мен ауыратын науқастарға арналған бөлімшеге ауыстырамыз және емдеуді жалғастырамыз, – дейді Анастасия Будко.
Жұқпалы аурулар педиатры баланы қорғау үшін барлық алдын-алу шараларын сақтау өте маңызды екенін еске салды.

– Балалар үшін қабылданатын вирустық аурулардың алдын алу шараларының ересектерден еш айырмашылығы жоқ. Баланың өзгелермен, әсіресе науқас адамдармен қарым-қатынасын шектеу қажет. Сондай-ақ, бөлмені үнемі желдетіп, ылғалды тазалап отыру керек. Мүмкін болған жағдайда науқасты оқшаулап, жеке ас құралдарымен тамақтануын қамтамасыз ету керек.

Ерте жастан бастап балаларды жеке гигиена ережелерін сақтауға үйретіңіз. Балаларға қолды сабынмен қалай жуу керектігін көрсетіңіз. Оларға қандай жағдай болмасын бетке қол тигізуге, саусақтарды ауызға салуға, мұрынды түрткілеуге және көзді сүртуге болмайтындығын түсіндіру маңызды.
Өйткені мұның бәрі инфекцияның таралуының қосымша факторлары болып табылады, – деп түйіндеді дәрігер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button