16Технология

Атом өнеркәсібінің жаңа келбеті. Қазақстан шикізатты сатудан дайын өнімді экспорттауға көшеді

Экспортқа бағытталған өндірістерді құру үшін Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде алдағы 5 жылда Шығыс Қазақстан облысында 32 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі 645 млрд теңгеге жетеді. 10 мың жаңа жұмыс орны құрылады.

2020 жылға бес жобаны іске қосу көзделген.

«Үлбі металлургия зауытында АЭС үшін жылу бөлетін құрамалар шығаратын зауыт салу негізгі жобалар болып табылады. Бұл біздің атом өнеркәсібіміздің келбетін мүлдем басқа қырынан көрсетеді, біз шикізатты сатудан жоғары қосылған құны бар дайын өнімді сатуға көшеміз. Бұл Қазақстан атом өнеркәсібі саласында жоғары технологиялары бар тар облысқа интеграциялануы мүмкін екендігінің белгісі. Ақтоғай КБК екінші кезегі де маңызды болып табылады. Құрылыс көлемі – 396 млрд теңге. Келесі жылы аяқталады. Бұл Қазақстан Республикасының барлық инновациялық өнімдерінің төртінші бөлігі және бірқатар аталған жобалар соның дәлелі болып табылады», – деп қорытындылады Даниал Ахметов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button