04Экономика

Ақтөбе облысында жыл соңына дейін 26 ірі инвестициялық жоба іске қосылады

Бұл 1100-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл туралы өңір басшысы Оңдасын Оразалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті. Оның айтуынша, облыста барынша қолайлы инвестициялық климат құрылуда. Бұл аймақтың дамуына қосымша серпін береді.

О.Оразалиннің мәліметінше, үстіміздегі жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 7 жоба пайдалануға беріліп, 330 жұмыс орны құрылды.

«Облыста қазіргі заманғы технологияларға сай «Көктас-Ақтөбе» АҚ құрылыс материалдары мен силикат кірпіштер шығаратын зауыт іске қосылды. Сонымен қатар, Қарғалы ауданында «ARM wind» ЖШС «Бадамша-1» жел электр станциясының бірінші кезеңі іске қосылды. Бұл жасыл экономика бойынша қолға алынған алғашқы жоба. Ол келесі жылы жалғасын табады. Екінші кезеңін аяқтайтынымызға сенімдіміз, деді спикер. Келесі жылы инвестиция тарту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 150 млрд теңгелік 18 жоба іске асырылады, 2200-ден астам жұмыс орнын ашу көзделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button