04Экономика

Ақтөбе облысында қаңтар-қыркүйек айларынында өндіріс саласындағы өсім 100,1 процентті құрады

Өңір әкімі Оңдасын Оразалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында облыста жүзеге асырылып жатқан тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы бойынша шаралар, сондай-ақ, өңірдің 2020 жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

«Сондай ақ құрылыс саласын алсақ, оның да нәтижесі көңіл көншітердей. Өсім мөлшері 116,4 проценттен астам. Тұрғын үй құрылысы бойынша да көрсеткіштеріміз жаман емес, өсім 103,6 процент. Ауылшаруашылығы да жақсы көрсеткішке ие. Өсім 104,1 процент. Инвестиция көлемі де жаман емес. 108,8 процентке өсім байқалады», – деді О.Оразалин.

Оның сөзінше, сауда және көлік тасымалы бойынша да оң үрдіс байқалады. Өңірде инфляция деңгейі белгілі бір мөлшерде тұрақтап, 104,6% құрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button