04Мәдениет

Қобдада клуб жөнделді

Ақтөбе облысының әкімі Қобда ауданында жұмыс сапармен болып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты.

Өңір басшысы Егіндібұлақ ауылында «Әлия» оқыту-сауықтыру орталығының құрылыс жұмыстарын көрді. Аумағы 3,266 гектар жерге 6 ғимарат салынады. Мемлекет меншігіндегі сауықтыру орталығының дизаины облыс бойынша баламасы жоқ, ағаштан қиып салынуда. Бір ауысымда 72 баланы қабылдауға мүмкіндігі бар орталықта жыл бойы 16 ауысымда мектеп оқушыларына қызмет көрсетіледі. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.

Облыс әкімі Қызылжар ауылында болды. “Жұмыспен қамтудың жол картасы” мемлекеттік бағдарламасы аясында құны 66,9 млн теңге ауылдық клуб күрделі жөндеуден өтті. 1980 жылдары бой көтерген нысанның тозығы жетіп, пайдаланылмай тұрған болатын. 100 орындық залы, кітапхана бар клубта балалар үйірмесі жұмыс жасайды. Клуб ауласы демеушілердің қолдауымен абаттандырылатын болады. “СК ВИКТОРИЯ” ЖШС мердігер мекемесі жөндеу жұмыстарын 3 ай ішінде аяқтады.

Сонымен қатар, облыс әкімі бірқатар шаруа қожалықтарының көктемгі егістікке дайындықтарын пысықтау мақсатында егістік алқаптарын аралады.

«Абылайхан», «Құттығай» шаруа қожалықтарының 500 гектар алқабына Батыс Қазақстан ҚазСушар филиалы мекемесінің мамандары инфрақұрылым тарту жұмыстарын жүргізу керек болатын. Аталған мекеме шаруаларды сумен қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстарды атқармаған болып шықты.Облыс әкімі «Қазсушар» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры мен Батыс Қазақстан ҚазСушар филиалының басшысына мардымсыз жұмыстары үшін қатаң ескерту жасады.

“Ақтөбе өңірінде ауылшаруашылық саласын дамыту үшін тиісті шаралар қабылданды. Үкімет тарапынан облысымызға ерекше көңіл бөлініп, қолдау тапты. Бөлінген қаражатты тиімді пайдалана отырып ауылшаруашылығын дамыту қажет”,- деді аймақ басшысы.Сонымен қатар, Ақырап ауылдық округіндегі “Қобда-Агро” шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіп иесі 200 млн теңге несие алып Павлодар облысынан 500 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алуда. Өңір басшысы Қобда ауылында аудандық орталық ауруханаға жүргізілген күрделі жөндеу жұмысын көрді. Ол үшін “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша 92,2 млн теңге бөлінген. 40 орынға арналған аурухана пандемияның 2-ші толқыны орын алған жағдайда науқастарға қызмет көрсетуге толықтай әзір.Оңдасын Оразалин жұмыс сапары соңында Алматы, Құрманов көшелерін жарықтандыру, кәріз жүйесін қайта жаңарту жұмыстарымен танысты.“Жұмыспен қамту жол картасы” бағдарламасы аясында Алматы көшесін жарықтандыру үшін 20,5 млн теңге қаралса,Құрманов көшесін жарықтандыруға 6,9 млн;теңге бөлінген. Аймақ басшысы аудан әкімі Болат Құловқа шағын және орта бизнесті дамытуды, жүзеге асырылуы тиіс жобаларды дер кезінде аяқтауды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button