10Мәдениет

Қостанай – таза қала тізімінде

Қостанай ауаның ластану деңгейі төмен қалалар тізіміне енді.
Экология министрлігінің ақпаратына сәйкес, осындай қалалардың қатарына Орал, Петропавл, Павлодар, Қызылорда және Талдықорған кірді.

Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Амангелді Исмаилов атап өткендей, өңірде қоршаған ортаны жақсарту үшін көптеген шаралар қолға алынған.

“Өңірдегі қоршаған орта сапасының нормативтеріне кезең-кезеңмен қол жеткізуді қамтамасыз ету, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықтың денсаулығы үшін тәуекелдерді азайту мақсатында Қостанай облысы бойынша 2019-2021 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленді. Аралық зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша ағымдағы жылы мақсатты көрсеткіштердің артуы анықталған жоқ”, – дейді Амангелді Исмаилов.

Экология министрлігінің мамандары атмосфералық ауаның ластану картасын жасады, онда ластану деңгейі жоғары қалалар тізіміне Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Теміртау, Жезқазған, Қарағанды, Балқаш және Өскемен кірді.

Ауа ластануының жоғары деңгейі Ақтау, Семей және Таразда байқалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button