09Білім

Оқулықтармен толық қамтамасыз етілді

2020 жылы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 2,4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қажеттіліктің 100 пайызы.

2020 жылдың 25 тамызында оқулықтарды баспалардан облысқа жеткізу процесі аяқталды.

Бүгінгі күні облыстық білім басқармасы мен бөлімдері 1-11 сыныптардың әр оқушысын 100% қамтамасыз ету үшін оқулықтар жиынтығын жеткілікті мөлшерде сатып алды.

20 шілдеден бастап оқулық тарату процесі облыстық білім басқармасы бекіткен кестеге сәйкес жүргізілді.

Таратылым толық көлемде жүзеге асырылды.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің электрондық нұсқалары pdf форматында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналастырылған және жүктеу үшін қолжетімді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button