Жаңалықтар

«Халық қатысатын бюджет»: Қонаевта 20 аумақ абаттандырылады

«Халық қатысатын бюджет»: Қонаевта 20 аумақ абаттандырылады

Қонаев қаласында өткен пресс-турда журналистер «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылған ауланы көріп қайтты.

Қалалық әкімдіктің ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, былтыр «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 10 жоба жүзеге асты. Оның қатарында «Гүлдер» балабақшасының, Ш. Уәлиханов атындағы №2 мектеп-гимназияның, «Салтанат» сауда үйінің жанындағы аллеяларды абаттандыру, Восточный, Ивушка, Арна шағынаудандарына балалар алаңын орнату, 7-ші саяжайға көше жарығын тарту секілді жобалар болды.

«Биыл да бұл бағдарлама жалғасын табады. 20 жоба жүзеге асады деп жоспарлануда. Оған бюджеттен 613 млн. теңге қарастырылған. «Халық қатысатын бюджет» – қаланы абаттандыруға, қолайлы етуге арналған бірегей жоба. Қазіргі таңда тұрғындардан өтінім қабылданып жатыр», – деді ТҮКШ бөлімінің басшысы Тимур Ақмырзаев.

Жалпы Қонаев қаласын абаттандыруға аса көңіл бөлінуде. Мысалы, биыл 32 тұрғын үйдің шатыры мен қасбеттері жөнделеді. Сондай-ақ бірнеше көше жарықтандырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button