Жаңалықтар

«Ауыл аманаты»: ауыл кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіндіктер

 

Глубокое ауданы Предгорное ауылында 21 жылдан астам уақыт бойы ара шаруашылығымен айналысып келе жатқан кәсіпкер Алексей Дегтярев бүгінде тек жергілікті нарықта ғана емес, көрші елдерде де жоғары сұранысқа ие табиғи бал өндіріп келеді. Оның кәсібі ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, өңірдің экономикалық өсіміне және туристік тартымдылығын арттыруға зор үлес қосып отыр.
2024 жылы Алексей Дегтярев өз кәсібін кеңейтіп, крем-бал өндірісі мен өнімдерді фасовкалауға қажетті жабдық сатып алу үшін «AMANAT» партиясының филиалына жүгінеді. Партияға келген кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы туралы естіп оған қатысатындығын жеткізеді. Арада көп уақыт өтпей тиісті құжаттарды жинақтап бағдарламаның қатысушысы атанады.
«Ауыл аманаты» сияқты нақты бағдарламалар арқылы қолдау білдіру ауыл кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіндіктер сыйлап, туған өлкелерінің дамуына үлес қосуға жол ашады.Менің ұзақ уақыт ойыма алып бастай алмай жүрген ісіме осы бағдарламаның игілігі тиді десем артық болмас еді»,- дейді кәсіпкер Алексей Дегтярев.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдағы кәсіпкердің ара шаруашылығына жаңа серпін береді. Қазіргі таңда оның шаруашылығы тек бал өндірісімен шектелмей, ауылдық туризмнің дамуына да үлес қосуда. Мұнда келушілер табиғи балды омартадан сатып алып қана қоймай, ара шаруашылығымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болуда.
«Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер «Ауыл аманаты» бағдарламасының тиімді тұстарын көп айтады. Кәсіп бастайым деген азамат үшін 2,5 пайызбен несие берілуі бұл үлкен мүмкіндік деп есептеймін. Біздің партиямыз жергілікті жерлердегі кәсіпкерлерді барынша жан-жақты қолдайтын болады»,- дейді «AMANAT» партиясы Глубокое аудандық филиалының төрағасы Анна Кузнецова.

«AMANAT» партиясының бастамасымен қолға алынған «Ауыл аманаты» бағдарламасы еліміздің ауыл тұрғындарына өз армандарын жүзеге асыруға, жаңа нарықтарға шығуға және ауыл шаруашылығының жаңғыруына үлес қосуға мүмкіндік береді. Мұндай бағдарламалар ауылдық кәсіпкерлікті қолдап, жергілікті экономиканың тұрақты дамуына ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button