Спорт

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтеді?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) қашан рингке оралатыны белгілі болды.

Головкиннің келесі қарсыласы поляк Камил Шереметаның (21-0, 5 КО) промоутері Анджей Василевскийдің айтуынша, олардың айқасы қазан немесе қараша айына жоспарланған. Нақтырақ айтқанда, қазанның екінші немесе үшінші сенбісі (10 немесе 17 қазан) немесе қарашаның алғашқы сенбісі (7 қараша).

Бұл 2020 жылы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) трилогиясы өтпейтінін білдіреді. Болжам бойынша, олардың жекпе-жегі 2021 жылдың алғашқы жартысында, дәстүрлі мексикалық «Синко де майо» мерекесіне орай өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button