07ДенсаулықҚоғам

БҚО-да қосымша уақытша шектеулер енгізілді

Батыс Қазақстан облысында қосымша уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты облыс аумағында 2020 жылдың демалыс күндері 2020 жылдың 27 маусымы сағат 00:00-ден 29 маусым сағат 00:00-ге дейін:

1) төмендегі жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жүріп-тұруын шектеу:
– жүріп-тұру тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері болған жағдайда жұмыс орнынан анықтама (не қызметтік куәлік);
– азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық бұйымдарды тұратын жеріне және жұмыс орнына жақын дүкендерде және дәріханаларда сатып алу;

– шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға бару;
– үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендету;

2) 65 жастан асқан тұлғаларға аса қажет болмаса, көшеге шығуға шектеу қойылсын.

3) келесі нысандардың жұмысын тоқтата тұру:
– сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, базарлар, сауда желілері, оның «үй жанындағы дүкендер» форматындағы филиалдарын қоспағанда;
– фитнес-орталықтар мен басқа да спорт нысандары;
– саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар және өзге де демалыс орындары;

– қоғамдық көлік жұмысы;
4) қоғамдық тамақтандыру нысандарынан тек 30-дан аспайтын отыратын орны бар (әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ете отырып), сондай-ақ шығарып беру сервисі бар ашық алаңдағы нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

2020 жылғы 24 маусым сағат 00:00-ден бастап көліктің қозғалысын сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін шектеу қойылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button