05ДенсаулықҚоғам

Алматыда ауқымды дезинфекция жүргізіліп жатыр

Алматыда бүгін 08:00-ден бастап адам көп жиналатын қоғамдық орындарды жаппай дезинфекциялау жұмыстары басталды.

Демалыс күндері мұндай жұмыстар кешкі 18:00-ге дейін жүргізілетін болады.

Еске сала кетейік, Алматыда карантиндік шаралардың күшейтілуіне және сауда орталықтарының базарлардың, саябақтар мен скверлердің, адамдар көп жиналатын орындардың жабылуына байланысты ағымдағы жылдың 20-21 маусымында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында ауқымды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Жалпы, жоспар бойынша 494 нысан: Алатау ауданындағы 8 базар, 11 сауда орталығы, 4 сквер; Алмалы ауданындағы 6 базар, 29 сауда орталығы, 47 спорт нысаны және фитнес орталық, 1 саябақ, 22 сквер, 5 бульвар, 17 жасыл аймақ; Әуезов ауданындағы 4 базар, 32 сауда орталығы, 30 фитнес орталық, 1 саябақ, 3 сквер және 1 бульвар; Бостандық ауданындағы 31 сауда орталығы, 59 спорт нысаны және фитнес орталық, 4 саябақ, 3 сквер, 4 бульвар, 3 жағажай; Жетісу ауданындағы 16 базар, 15 сауда орталығы, 15 фитнес орталық, 1 саябақ; Медеу ауданындағы 2 базар, 19 сауда орталығы, 31 фитнес орталық, 2 саябақ, 1 сквер; Наурызбай ауданындағы 3 базар, 2 сауда орталығы, 3 фитнес орталық, 2 саябақ, 1 сквер; Түрксіб ауданындағы 6 базар, 7 сауда орталығы, 10 фитнес орталық, 3 саябақ, 11 сквер, 1 жағажай зарарсыздандырылады.

«Алматы Тазалық» МКК және аудандардың мердігерлік ұйымдарының күшімен көшелерге, саябақтар мен скверлерге, тротуарларға, көше урналары мен орындықтарға, аялдамаларға, банкоматтарға, терминалдарға, жер асты және жер үсті өтпелі жолдарға кең көлемді дезинфекция жүргізілетін болады.

Осы ауқымды залалсыздандыру жұмыстарына 70 техника және 150 адам жұмылдырылады.

Дезинфекциялық өңдеу үшін адамдар мен жануарларға ешқандай қауіп төндірмейтін 4-ші сыныпты қауіпсіз препараттар қолданылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button