08ДенсаулықҚоғамЭкономика

Жамбылда маска шығаратын зауыт 600 адамды жұмыспен қамтиды

Жамбыл облысындағы «Super-Pharm» фармацевтикалық зауыты 2011 жылдың желтоқсан айында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған, бүгінде кәсіпорын отандық медициналық мекемелерді бір реттік өніммен тұрақты қамтамасыз етіп отыр. Өндіріс ошағы жылына 15 миллионға дейін өнім шығарады. Бұл бір реттік медициналық бұйымдар, хирургия, акушерлік, ортопедия, гинекология және т.б. үшін стерильді және стерильді емес жиынтықтарды, тоқылмаған материалдан жасалған жеке бұйымдар (маскалар, бас киімдер, бахилалар, халаттар, алжапқыштар, ақжаймалар және т. б.), бұласыр бұйымдар (лейкопластырь, операциядан кейінгі таңғыштар, катетерлерді бекітуге арналған таңғыштар), пластмассадан жасалған бұйымдар (Эйердің шпатель, скальпель, Фолькман қасығы, Куско бойынша гинекологиялық айналар, биологиялық сұйықтықтарын жинауға арналған контейнерлер) және қан құюға арналған жүйелер.

Кәсіпорынды жобалау және салу кезінде ең соңғы заманауи технологиялар қолданылды. Фармацевтикалық зауыт Түркия, Ресей, Қытай, Германия, Италия және Польшадан құрал-жабдықтармен жабдықталған он негізгі және екі көмекші цехтан тұрады. Кәсіпорынның бірегейлігі технологиялық процестің аяқталған циклі бар – шикізаттан дайын өнімге дейін.

Айта кету керек, 2015 жылдан бастап өндіріс көлемі жыл сайын 30-40% – ға артып келеді. Бұл бағытта 2016 жылы өндіріс қуатын тағы 40% – ға арттыру үшін қосымша жабдықтар жеткізілді.

Отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту және оның халықаралық талаптарға сәйкес болуы қазіргі заманғы технологиясыз мүмкін емес. Мысалы, зауытта тоқылмаған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіру кезінде ең заманауи SMS (гидрофобты полипропилен талшығының 2 қабаты қосу антибактериалды қорғанысқа ие “мельтблаун” абсорбциялаушы материалы), SS (гидрофобты полипропилен талшығының 2 қабаты), SMMS (гидрофобты полипропилен талшығының 2 қабаты қосу антибактериалды қорғанысқа ие “мельтблаун” абсорбациялаушы материалының 2 қабаты), Вуденпалп (Целлюлоза + полиэфир), santeys VF 54 (вискоза + ПЭ пленка), спанлейс (вискоза + полиэфир). Мата емес материалдардың әртүрлі тығыздығы инфекциялардың “емделушіден дәрігерге” және керісінше жүғу ықтималдығын болдырмайды, сондай-ақ операциядан кейінгі инфекциялық асқынулар қаупін азайтады.

Пластмассадан жасалған бұйымдарды өндіру үшін PVC, ABS, HDPE, LDPE, PP, PS сияқты түйіршіктелген бастапқы шикізат нысандары, сондай-ақ белгілі бір нысандар бойынша инжекциялық құю машиналары қолданылады. Түтікшелерді өндіру үшін экструзия әдісімен құбырларды үрлеу және қалыптау жөніндегі автоматты машиналар қолданылады. Сонымен қатар, ҚР-на алғаш рет әкелінген стерильдеуге арналған технологиялық жабдық Еуроодақ елдерінің сапа стандарттарына сай өнімді қамтамасыз етеді. Еуропада ең заманауи технологиямен танылған этилен оксидімен стерилдеу “шикізаттан дайын өнімге дейін” толық циклді аяқтайды.

Шамамен 20 жыл бұрын біздің елімізде фармацевтикалық өнеркәсіпте шектеулі өнім қатарын шығаратын бірнеше кәсіпорын ғана болған. Өө кезегінде ол өнім халықаралық өндірістік тәжірибе стандарттарына сәйкес келмейтін. Ал бүгінде салада ауқымды өзгерістер орын алуда. Мысалы, келесі жылы” Super-Pharm” бір реттік медициналық бұйымдар шығаратын жаңа зауыт салу жобасын аяқтауды жоспарлап отыр. Қуаттың ұлғаюы осы жобамен жылына 17,05 млн. бұйымға жетеді. Тоқылмаған материалдан жасалған МБ өндірісінің жиынтық қуаты жылына 43,15 млн. бұйымды құрайды. Басқа медициналық бұйымдарды өндіру бойынша қолда бар өндірістік қуаты жылына 54,6 млн.бұйымды құрады. Осы жобаны аяқтау сәтінде зауыттың жиынтық өндірістік қуаты жылына 100 млн.жуық бұйымды құрайды, ал бір рет қолданылатын шприцтер өндірісі бойынша желілерді іске қосу арқылы жылына 300 млн. астам бұйымды құрайды. Толық өндірістік қуатқа шығу 2022 жылға жоспарланған.

Бүгінде зауытта 250-ге жуық адам еңбек етеді. Толық өндірістік қуатқа шыққан кезде кәсіпорын қызметкерлерінің қатары 600 адамға дейін артады. Өз кезегінде компания одан әрі даму үшін жаңа өнімдер өндірісін игеруді және шетелдік нарықтарға қатысуын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button