Елімізде биылғы 5 айда 33 мыңнан астам тұрғын үй тапсырылды
2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында елімізде құрылыс бойынша нақты көлем индексі 105,9% құрады. Бұл көрсеткіштер құрылыс-монтаждау жұмыстарының қайта жаңғыруына байланысты құрылыс көлемін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі деп болжанып отыр.
15 өңірде оң динамика байқалады. Көшбасшылар – Түркістан (131,2%), Қарағанды (124,9%), Шығыс-Қазақстан (114,3%), Батыс-Қазақстан (111,9%), Жамбыл (108,7%), Солтүстік Қазақстан (108%) және Қостанай (107,9%) облыстары.
Республикада тұрғын үй құрылысында осы мерзім ішінде 4 075 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Барлығы 33 479 бірлік тұрғын үй тапсырылды, оның ішінде – 14 209 жеке үй.
Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің өсімі 9 өңірде байқалады. Олар: Солтүстік Қазақстан (114,7%), Павлодар (113,3%), Қостанай (112,2%), Жамбыл (109%), Қарағанды (107,2%), Шығыс Қазақстан (105,2%), Ақтөбе (103,2%) облыстары, Нұр-сұлтан (106,7%) және Алматы (114,2%) қалалары.