Жаңалықтар

Qazaq Titan UBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанды

 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Алмат Жұманов (6-0-0) кәсіпқой бокстан UBC тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта Әлем чемпионы атанып, чемпиондық белбеуді ұтып алды.

Жекпе-жек 4 сәуір күні Колумбияның Кукута қаласында өтті. Отандасымыздың қарсыласы колумбиялық Милтон Нуньез (45-35-1). 12 раундқа жоспарланған бұл жекпе-жек отандасымыздың пайдасына 1-раундта, 59 секундта нокаутпен аяқталды.

Еске салайық, Милтон Нуньез, бұған дейін 2010 жылы Геннадий Головкинмен, 2016 жылы Жәнібек Әлімханұлымен шаршы алаңға шыққан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button