17
Құрметті Қазақ Елі!
Бүгін, міне, саяси науқанның қорытынды нәтижесі белгілі болып, кезектен тыс өткен Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасының үлкен басымдықпен жеңіске жеткеніне куә болудамыз.
Бұл жеңіс – Халықтың ортақ жеңісі! Жеңісіміз құтты болсын, ағайын! Осы орайда, еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында өз үлесін қосқан әрбір қазақстандыққа басымды иіп алғысымды айтамын! Еліміз үшін тағдыршешті кезеңде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара біліп, бәріміз бір ұлт, бір қоғам болып іске кірісіп, ауызбіршілікті таныта алған қазағымның қашанда бірлігі бекем, ынтымағы берік болғай! Бұл Әділетті Қазақстанды таңдаудағы Ұлттық бірлік пен халқымыздың бір тудың астына жиналғандығының көрінісі! Жарқын болашақтың айқын нышаны!
Бұл науқанның біздің тарихымызда қалатыны сөзсіз. Науқан ерекше әділ, ашық өтті. Әрбір сайлаушыға өз таңдауын жасауына еркіндік берілді, ешкімге шектеу қойылған жоқ. Болашақ ұрпағының қамын ойлаған халқымыз өзінің ауызбіршілігін көрсете білді, таңдауын жасады. Халықтың сенімі – бұл ең құнды нәрсе. Осы орайда, мемлекет басшысына амандық пен саулық, елін әділ басқаруда сәттілік тілеймін!
Ендігі кезекте Әділетті Қазақстанды бірге құрайық ағайын! Еліміздің мәртебесі биіктеп, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ғаппар Амантайұлы Сарсенбаев
Аманат партиясының Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы,
Түркістан қаласының мәслихат депутаты