01Қоғам

Елордада 4000-ға жуық отбасыға ет таратылды

Пандемияға байланысты биыл Құрбан шалу онлайн түрде өтті. 3 күн бойы Qurban2021.kz сайтына қала тұрғындарынан құрбан шалуға да, құрбан етін алуға да көптеген өтініштер түсті.

Қалалық әкімшілік, Діндерді зерттеу орталығы мен еріктілер 3 күн қатарынан тынбай жұмыс жасап, 4000-ға жуық отбасыға ет таратты.

300-ден аса ерікті жастар мен автоволонтёрлар еттерді тұрғындардың үйлеріне дейін жеткізіп берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button