Семейде 14 сағаттық шақалаққа операция жасалды
Семей қаласындағы медициналық университет госпиталінде туғанына 14 сағат қана болған шақалаққа операция жасалды.
Бірнеше күн бұрын түнгі сағат 3-те салмағы 3,600 кг бала дүниеге келген. Анасы жүктілігінің 28-аптасында құрсағындағы балаға жүйке жұлынының жарығы – рахишизис диагнозы қойылады. Жаңа туған нәрсетені перинаталдық орталықтан Семей медициналық университеті ҒАҚ университеттік госпиталіне жеткізеді. Сол күні кешкі сағат 17-де балалар нейрохирургі, балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті мен өзге мамандардан тұратын оперативті бригада жұлынның туа біткен жарығының ауыр формасына ота жасауды бастайды.
“Операция барысында арқаның жұмсақ тіндері мен тері дефектісіне біздің клиниканың модификациясымен Золтон әдісі бойынша пластика сәтті жасалды”, – деп хабарлады СМУ баспасөз қызметі.