Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып, тұмауға қарсы екпе салдырды.
Республикалық вакцина егі басталар қарсаңында министрлік басшысы Нұр-Сұлтандағы № 6 Қалалық емханаға келіп, оған Ресейде жасалған «Гриппол+» егілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау Министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ал, күз маусымы қашан да тумаудың кең тарайтын кезеңі екені белгілі.
2019-2020 эпидемологиялық маусымында елде тыныс алу органдарының вирустық инфекциясын жұқтырып, тіркелгендердің саны 431 120, оның 2,5 оқиғасы лабораторияда дәлелденген тумауға шалдыққандар. Олардың 284 033 немесе 61,4%-ы – балалар.
«Биыл тұрғындарға вакцинация егу аса маңызды, өйткені короновирус жағдайында ауырулар қабаттасып кетсе, кәзір тұрақтанған жағдайды сақтап қалу қиынға соғады. Сондықтан да бұл жолы біз вакцина егуді әдеттегіден екі апта ерте бастап жатырмыз. Ал, өзімнің мысалымда Қазақстан сатып алып жатқан екпе қауіпсіз екені көрсеткім келді, бұл дәрмек барлық қажет лабораториялық сынақтардан да, сапа бақылауының барлық тексерісінен де өткен», – деді А. Цой.
2020 жылы Қазақстанда екпе салу науқаны 15 қыркүйектен басталып, 15 қарашаға дейін созылады. Бірегей дистрибьютер Ресейде шығарылып жатқан «Гриппол+» 2 млн дозасын сатып алған, ол елдегі тұрғындардың 10%-на жетеді. Бұл выакцинаның құрамында тұмаудың A(H3N2) , А(H1N1) және В штаммдарының антигені бар.
Қалалық №6 емханаға қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы тұмауға қарсы «Гриппол+» екпесінің 7200 дозасын жеткізіп берген. Мұндағылар 3500 балаға, 3700 ересектерге, олардың ішінде 468 жүкті әйелдерге, дипансерлік есепте тұрған 2582 адамға, 65 жастан асқан 519 адамға және 350 медицина қызметкерлеріне егуді жоспарлап отыр.
«Гриппол+» вакцинасы тұмауға қарсы жоғары деңгейлі арнайы иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді. Екпе тәуекел тобындағыларға, дәлірек айтсақ: мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға; медицина қызметкерлеріне; жүкті әйелдерге; жабық типтегі мекемедегілерге (балалар үйі, мектеп-интернаттар); созылмалы сырқаты бар балалар мен ерсектер үшін; 60 асқан егде адамдар үшін тегін болады. Осы күнге дейін тұмауға қарсы екпеден бас тартқандар тіркелген жоқ.