01Денсаулық

Емханаларға тіркелу науқаны басталды

Екі ай ішінде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары өз қалауларымен қала емханаларына тіркеле алады.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсететін медициналық ұйымдарға ҚР азаматтарын өз еркімен тіркеу науқаны 15 қыркүйекте басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады.

Акцияға барлық №1-15 қалалық емханалар мен медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көмек көрсететін жеке медициналық ұйымдар қатысады.

«АМСК көрсету ұйымдарына тіркеу науқанын бастадық. Өз кезегінде, азаматтарға қызмет көрсетудің аумақтық принципін ескеріп, үйде медициналық көмек алу үшін тұрғылықты мекен-жайыңызға жақын орналасқан емханаларды таңдауға кеңес береміз», – деп атап өтті қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

“Қазіргі уақытта қаладағы АМСК ұйымдарына 1 миллион 181 мыңнан астам адам тіркелген”,- деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Тұлғаны АМСК ұйымдарына тіркеу амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көрсету үшін негіз болып табылады және келесі принциптер бойынша жүзеге асырылады:

1) аумақтық қол жетімділік;

2) АМСК ұйымын еркін таңдау;

3) АМСК дәрігерін (жалпы тәжірибе дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) еркін таңдау;

4) отбасылық қызмет;

5) меншік формасына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан АМСК ұйымдарының теңдігі мен әділ бәсекелестігі.

18 жасқа толмаған тұлғаларды тіркеу оның заңды өкілдерінің біреуі құқылы.

Азаматтарды АМСК ұйымдарына тіркеу олардың сұранысы бойынша «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Тіркеу кезеңінде оған дейін тіркелген ұйымынан автоматты түрде шығады.

Емханаға өз еркімен тіркеу құқығы жылына бір рет қана беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button