01Денсаулық

«Вирус дағдарысы»: әйелдер көбірек зардап шекті.

Республика халқының 51,5%-ы болатын әйелдер тіршілікте де осал емес, олардың 48,4%-ы экономикада белсенді. Әйелдердің жалпы ішкі өнімді қалыптастыруға қосатын үлесі 40%,-ға жуық, дейді ranking.kz.

Биылғы тамыздың алғашқы күндеріне қарай елде жұмыс істеп тұрған 1,1 млн жеке кәсіпорынның 46,9%, яғни 496,6 мыңын әйелдер басқарып отыр. Әйел кәсіпкерлер негізінен білім саласында, қонақжай қызметі мен тамақ пісіруде, үй шаруашылығына қатысты, жылжымайтын мүлік алып-сатуда, көтерме және бөлшек саудада, денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік қызмет жағында бизнеспен айналысады.

БҰҰ мен Дүниежүзілік Банк мамандарының зерттеулеріне сүйенер болсақ, коронавирус індетінен ШОБ -тегі әйел кәсіпкерлер ерлерге қарағанда көбірек шығынға батып жатса керек, арақатынас 64% – 52% сәйкесінше.

Бұрынғы проблемалары дағдарыс тұсында, тіптен шиеленісіп кетті: мектептер жабылып қалған кезде әйел-кәсіпкер баламен отыруға мәжбүр болды, тұрмыстық зорлыққа жиірек тап болып жатады және оларға бизнестің онлайн режимге өткені ауыр тиді. Оның үстіне, жалпы бизнеске ортақ проблемалар бұларды да айналып өтпейді – қаржының аздығы, білім мен ақпаратқа қолының жетпеуі.

Қаржы тапшылығы, әсіресе, кәсіпкер өз ісін енді бастап, бір нәрсе өндірмекші болғанда қатты білінеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button