04Денсаулық

Күрделі операцияны өздері жасады

Бүгін Батыс өңірінде алғаш рет бауыр циррозымен ауыратын екі ақтөбелік науқасқа фетальды жасушаларды ауыстырып салу операциясы жасалды.

Бұдан бұрын мұндай операция тек Нұр-Сұлтан қаласында жасалған.

Марат Оспанов атындағы БҚМУ профессоры Самат Сапарбаевтың сөзінше науқастарға фетальды гепатоциттер қолданылған.

«Жасушалы терапияның аясы кең, ол бауыр ауруы, қант диабетінен басталып, тіндермен және терімен аяқталады.

Жасушалы терапияның жаңа бағыты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына емделудің жоғары технологиялық әдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді және өмір сапасының деңгейін айтарлықтай көтереді деп ойлаймын», – деді ол.

Өңір басшысы Оңдасын Оразалин науқастардың жағдайымен танысып,тез сауығып кетулерін тіледі, ал жоғары білікті мамандардың жұмысына ризашылығын білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button