ҚоғамТехнология
Еңбекминінің қоғамдық қабылдау бөлмесі қашықтан жұмыс істей береді
Нұр-Сұлтан қаласындағы карантиннің ұзартылуына байланысты, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтардың өмірі мен денсаулығын коронавирустан қорғау мақсатында, 2020 жылдың соңына дейін жұмысын қашықтан жалғастырады.
Барлық өтініштер электронды түрде Министрліктің ресми интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары, «e-gov» электронды үкімет порталы және ҚР Президентінің виртуалды қабылдауы арқылы қабылданады.
Сондай-ақ 8 7172 74 37 23 нөміріне хабарласуға болады.