06Қоғам

Атырау облысында 1467 отбасы баспаналы болды

Атырау облысында биылғы бес айда 1467 баспана пайдалануға берілді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қазір Атырау облысында пәтер кезегінде 28 мыңнан астам адам тұр. Биыл солардың 7 мыңға жуығының баспана мәселесі шешіледі.

«Осы мақсатта ағымдағы жылдың 5 айында қаржыландырудың барлық көздері есебінен үй құрылысына 12,9 млрд теңге инвестиция бағытталды. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл өңірде сатып алу құқығынсыз 157 пәтер жалға беріледі. Мұндай мүмкіндік халықтың аз қамтылған осал топтары мен көп балалы отбасыларына арналған. Ал кредиттік тұрғын үйге биыл 500-ге жуық тұрғын қол жеткізбек. Бұл бағыттағы баспана құрылысына 5 млрд теңге қаражат қарастырылған», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2%-дық несиемен «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру үшін биыл 239 тұрғын үй қарызына республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінеді. Ал тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін 39 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Бұл мақсатқа 10,3 млрд теңге қаражат жоспарланған.

Сонымен қатар биыл Атырау облысында баспана құрылысы жұмыстарына 2 мыңға жуық адамды тарту жоспарланған.

Жалпы жыл басынан өңірде 1 467 баспана пайдалануға берілді. Оның 975-і – жеке үй.

Басқа жаңалықтар

Back to top button