04

Ақтөбе облысы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалы қызметкерлері балаларға тарту жасады

Ақтөбе облысы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалы қызметкерлері балаларға тарту жасады. 1-маусым балаларды қорғау күні қарсаңында оларға балмұздақ таратты.

«Бұл күні барлық бала сыйлық күтеді. Бүлдіршіндерді бөліп-жаруға болмайды. Сондықтан әріптестерімізбен ақылдаса келе балаларды барынша қуантуға тырыстық. Ата-аналарды да тәттісіз қалдырмадық. Себебі, кез келген ересек адамның өзі балалық шағын аңсайды. Біз тарту еткен балмұздақтан ешкімнің қарны қоймас. Дегенмен, жолымызда кездестірген кішісінің де, үлкенінің де көңілі бір көтеріліп қалды. Әжелеріміз батасын жаудырып жатыр. Ең бастысы кішкентай бөбектер аман, еліміз тыныш, әрдайым бейбіт заман болсын!»- дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Ақтөбе облыстық филиалының маманы Анар Хусайнова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button