Жаңалықтар

Теңізде карантин бұзылған соң COVID-19 өршіді

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Теңіздегі қызметкерлердің вирус жұқтыруы – карантин шараларын елемеуден екенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Кей өңірлерде вирус жұқтырғандар саны артып келеді, кейбір жерлерде – жоқ. Атап айтқанда, көбі жабық ұжымда жұмыс істейтіндер жұқтырған, мысалы, “Теңізшевройл” мен оның Атырау облысындағы мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарында науқас көп. Бұл Шымкенттегі PetroKazakhstan-ға да қатысты. Біз бұл ұжымдардың жабық, вахталық ауылдарда өмір сүруіне байланысты айтарлықтай өсім байқап отырмыз. Сондай-ақ, бастапқыда айтылған және ұсынылған карантин шараларын сақтамаудан болып отыр. 

Бұл бірінші кезекте ұйым басшыларының және жұмыс берушілердің жауапкершілігі. Олардың жұмысы – карантин шараларын орындауға міндет қою еді”, – деді Тимур Сұлтанғазиев.

Қазір Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың саны – 6440, 3256 адам сауығып шықты, 34 адам көз жұмды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button