Новости

Теңізде карантин бұзылған соң COVID-19 өршіді

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Теңіздегі қызметкерлердің вирус жұқтыруы — карантин шараларын елемеуден екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Кей өңірлерде вирус жұқтырғандар саны артып келеді, кейбір жерлерде — жоқ. Атап айтқанда, көбі жабық ұжымда жұмыс істейтіндер жұқтырған, мысалы, «Теңізшевройл» мен оның Атырау облысындағы мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарында науқас көп. Бұл Шымкенттегі PetroKazakhstan-ға да қатысты. Біз бұл ұжымдардың жабық, вахталық ауылдарда өмір сүруіне байланысты айтарлықтай өсім байқап отырмыз. Сондай-ақ, бастапқыда айтылған және ұсынылған карантин шараларын сақтамаудан болып отыр. 

Бұл бірінші кезекте ұйым басшыларының және жұмыс берушілердің жауапкершілігі. Олардың жұмысы — карантин шараларын орындауға міндет қою еді», — деді Тимур Сұлтанғазиев.

Қазір Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың саны — 6440, 3256 адам сауығып шықты, 34 адам көз жұмды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button