Экономика

Қазақстанда шағын бизнеске 6%-тен аспайтын мөлшерде кредит беріле бастайды

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасынаа жаңа бағыт – «микро және шағын бизнеске микрокредит беру» бағыты қосылады.

Үкімет отырысында Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елдегі шағын кәсіпкерлікке 6%-тен аспайтын мөлшерде кредит беріле бастайтынын айтты деп хабарлайды Today.kz.

Оның айтуынша, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасынаа жаңа бағыт – «микро және шағын бизнеске микрокредит беру» бағыты қосылады.

«Қаржыландыру 6%-тен аспайтын мөлшерде субсидиялау арқылы қолжетімді болады. Кредиттер айналым қаражаты үшін 5 млн.теңгеге дейін және өндірістік қажеттіліктерге 20 млн. теңгеге дейін беріледі. Бұл микро бизнес өкілдерінің кең ауқымын қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге микро бизнесті жаңа форматта оқыту енгізіледі. Бұл да қаржыландыруға қол жеткізуді жеңілдетеді. Кепілдік тапшылығын шешу үшін «Даму» қорының кепілдігі Ұлттық Банктің айналым қаражатын толықтыруға ШОБ жобаларын кредит беру бағдарламасы бойынша берілген кредиттер үшін пайдаланылатын болады. Банктер мен микроқаржылық ұйымдар кредит бойынша кейінге қалдырылған төлемдерді ұсынатын салалардың тізімі кеңейтілді. Арнайы салық режімінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің есебі мен салықтық есебі жеңілдетіледі», – деді Дәленов.

Министр жеке кәсіпкерлердің жалдамалы жұмысшылары мен азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша жүктемені азайту және міндетті төлемдерді төлеуді жеңілдету туралы мәселе пысықталатынын айтты.

«Салық органдарынан салық есептілігін алдын-ала декларациялау талап етіледі. Бұл бизнеске әкімшілік ауыртпалықты азайтады. Қазақстандық кәсіпкерлердің AХҚО инфрақұрылымын пайдалануға қолжетімділігі кеңейеді», – деді ведомство басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button