Басты жаңалықЖаңалықтар

Қуаныш Ерғалиев Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды janalyq.kz

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық медицина университетін, Тулейн университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Гарвард университетін тәмамдаған.

  • Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер болып бастаған.
  • 2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарды.
  • 2014-2019 жылдары – Назарбаев Университеті Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі департаментінің аға менеджері.
  • 2019-2021 жылдары – Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры қызметін атқарды.
  • 2021 жылдың маусымынан бастап білім және ғылым вице-министрі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button