Басты жаңалықЖаңалықтар

Алматыда ажырасқан әйеліне пышақпен тап берген ер адам қамауға алынды

Алматыда автобуста бұрынғы әйеліне пышақ ала жүгірген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды janalyq.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 1 тамызда аталған факті ҚР қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Прокуратураның келісімімен, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады, – деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Айта кетсек, автобустағы әйелді Райымбек Медетбек құтқарып қалды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев оның батылдығы, батырлығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтып, алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button